Кабулда бес әйел тәліптерден құқығын бұзбауды талап етіп пикетке шықты

Олар әйелдердің азаматтық және саяси құқығы бұзылмасын дейді


18/08/2021
11:35 40770 0

Фото: mediazona.ca

 

Кабулда бес әйел тәліптерден құқығын бұзбауды талап етіп пикет ұйымдастырды. 

 

«Медиазона. Орталық Азия» пикетшілер There are Afghan women (Мұнда Ауған әйелдері бар — ред.) деген плакат ұстап, бірнеше көшені аралаған дейді. Олар тәліптерден әйелдердің азамат және саяси құқықтарын бұзбауды, оларды үкіметтен қумауды талап етті. 

 

15 тамызда «Талибан» ұйымы (Қазақстанда террорист ұйым деп танылған) не тәліптер Кабулды жаулап, билікті басып алды. Оның алдында бірнеше БАҚ олар 12 жасар қыздарға үйленіп, секс құлдыққа салып жатыр деп хабарлаған


17 тамызда тәліптер баспасөз мәслихатын өткізіп, әйел құқығын шариғатқа сай сақтайтынын айтты. Бірақ нақты қандай құқық қорғалатыны туралы сөз болмады.

Поделиться

Нет комментариев.

18/08/2021 11:35
40770 0

Уведомление